Система Orphus

Қазақстан 2,5 млн тонна сұйытылған газ өндіреді

26.06.2015, 15:51 2186

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - Бiз 2,5 млн тонна сұйытылған газ өндiремiз, ал бiздiӊ елiмiздегi қажеттiлiк максималды түрде 650 мыӊ тоннаға жуықтайды, деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник ОКҚ-да, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бiз 2,5 млн тонна сұйылтылған газ өндiремiз. Бiздiӊ елiмiздегi қажеттiлiк максималды түрде 650 мыӊ тоннаға жуықтайды. Министрлiк әрбiр облыстыӊ қажеттiлiгiн есепке ала отырып, өӊiрлерге газ бағыттаудыӊ мiндеттi квоталарын реттейдi", - деді В.Школьник, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Батыс қазақстанныӊ сұйытылған газға деген қажеттілігі шамамен мыӊ тоннаны құрайды.

"БҚО квотасы 800 тонна шамасында болды. Газ саласындағы мамандар маған квотаныӊ ұлғайтылғанын мәлiмдедi. Мамандар өз кезегiнде бұл министрлiк өз бұйрығымен сұйылтылған газдыӊ көтерме саудасыныӊ бағасын бiр тонна үшiн 31 мыӊ теӊгеден 11 мыӊ теӊгеге дейiн төмендетуден болып отырғанын айтады. Егер, қазiр квота ұлғайтылатын болса, онда бұл мәселе шешiледi. Қазақстанда сұйылтылған газ жеткілікті мөлшерде", - деді министр.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны