02.03.2010, 14:06 2924

Қазақстан 4,8 млн тонна астық экспорттады - Күрішбаев

Қазақстан 4,8 млн тонна астық экспорттады - Күрішбаев

Астана. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан қазіргі жағдаймен 2009 жылғы түсімнен 4,8 млн тонна астық экспорттады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген мәжілісінде ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев депутаттар сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жаңа түсімнен қазіргі жағдаймен 4,8 млн тонна астық экспортталды. Бұл өткен жылғы экспорттың осы уақыттағы көрсеткішінен шамамен 1 млн тоннаға артық", - деді А. Күрішбаев.

Министрдің нақтылауынша, "астық Иран, Ауғанстан, Орталық Азия елдері бағытында экспортталды. Бұл жақта біздің астық бәсекелестік қабілетке ие", - деді ол.

ҚР Ауылшаруашылығы министрінің түсіндіруінше, Қазақстан астығын Қара теңіз бен Балтық теңізі айлақтарына қарай шығару "Қазақстан үшін белгілі бір проблемалар тудырады, бірақ, үкіметтің қолдауының арқасында мәселе шешімін тапты".

"Қазір Қазақстан үшін Қара теңіз бен Балтық теңізі айлақтары жабық, өйткені, ол жаққа Ресей мен Украина астық экспорттауда". "Биыл оларда да астық бітік шықты. Осы айлақтар босай сала біз осы бағыттағы экспортты қарқындандырамыз", - деді министр.

Оның мәліметінше, мемлекет жаңа түсімнен 5 млн тонна астық сатып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны