08.09.2016, 17:15 3666

Қазақстан 8,5 млн тонна көлемінде астықты экспорттауды жоспарлап отыр

"Жалпы түсімді ескере отырып, біз 8,5 млн тонна көлемінде экспорттауды жоспарлаудамыз",- деді.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан алда болатын маркетингтік жылы (2016 ж шілде- 2017 жыл маусым) 5 млн тонна көлемінде астықты экспорттауды жоспарлап отыр, деп "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ төраға орынбасары Сәбит Кәшкімбаев ҚР АШМ-да Егінніӊ ағымдағы жағдайы тақырыбында өткен брифинг барысында мәлім етті.

"Жалпы түсімді ескере отырып, біз 8,5 млн тонна көлемінде экспорттауды жоспарлаудамыз, сонымен қатар, орталық Азия - бұл біздіӊ ұлттық нарық: 4,2 млн тонна-Ауғанстан, 1,8 млн-Иран, шамамен 500 мыӊ тонна-Қытай, 500 мыӊға дейін-Изірбайжан, Грузия-200 мыӊ, Ресей-900 мыӊ тоннаға дейін",-деді ол.

Оныӊ айтуы бойынша, әлемдік нарыққа шамамен 400 тонна экспортталады.

"Ағымдағы болжамдық астықтыӊ балансы ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етеді және жоғары деӊгейде экспорттық әлеуеттә сақтап қалады",-деді ол.

Сонымен қатар, астық бағасын да айтып өтті.

"3 класстағы бидайдыӊ тоннасына 41 000-нан 50 000 теӊгеге дейін, 4 класс-34 000-нан 36 000 теӊгеге дейін, бидайдыӊ 5 классына - 30 000 теӊге және 25 000 теӊге 2 класстағы арпаға",-деді ол.

Өз кезегінде ҚР ауыл шаруашылығыныӊ вице-министрі Қайрат Айтуғанов ағымдағы жылы бидайдыӊ сапасы төмен екендігін айтты.

2016 жылы жиналған астық қоры 22 млн тоннаны құрайды, деді ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде астық жинау науқанына қатысты өткен брифинг барысында вице-министр Қайрат Айтуғанов.

"Маусым айыныӊ ортасында жауын-шашынныӊ еӊ негізгі үш аймақта жаууы үлкен массаныӊ жиналуына әкелді, ол астық дақылдарыныӊ өсіп-жетілу мерзімініӊ созылып кетуіне әсер етті", - деді ол.

Оныӊ айтуынша, биыл егістік алаӊдары 21,7 млн га жерді құрайды, ол өткен жыл көрсеткішінен 445,1 мыӊ га көп. 15,4 млн га бидай, 2 млн га жерге майлы дақылдар егілсе, картоп егілген алаӊ ауқымы 426,7 млн га құрады.

Елде астық сақтайтын 2014 рұқсат етілген қырман жұмыс істейді. Оныӊ жалпы сыйымдылығы 13,6 млн тоннаны құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны