13.11.2012, 18:45 3429

Қазақстан 8 млн тонна астық экспорттауды жоспарлауда

2012 жылғы 10 қарашадағы мәліметтер бойынша, Қазақстан өңірлерінде алғашқы салмағы 14,8 млн тонна шамасындағы астық жиналды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияев.

Астана. 13-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан 8 млн тонна астық экспорттауды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының баспасөз қызметінен хабарлады.

2012 жылғы 10 қарашадағы мәліметтер бойынша, Қазақстан өңірлерінде алғашқы салмағы 14,8 млн тонна шамасындағы астық жиналды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияев.

"14,8 млн тонна шамасындағы астық жиналды. 2011 жылдан қалған 9,8 млн тонна астық пен биылғы жылдың өнімі ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз етеді. 2012-2013 жылғы экспорттық әлеует те 8 млн тоннадай астықты құрайды", - деді М.Өмірияев ҚР АШМ брифинг барысында.

Ведомствоның мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні мақта, бақша өнімдері және картоп жинау аяқталған. Мақта шикізатының жалпы өнімі 15 % артып, 385,6 мың тоннаны құрады, көкөніс - 2,7 млн тонна, бақша өнімдері - 1,5 млн тонна, картоп - 2,9 млн тоннаны құрады. Зәйтүн дақылдары егістік алаңының 97,4%-нен, қант қызылшасы - егістіктің 78,3%-нен жиналып алынды.

Бұдан басқа, күріш, жүгері, мақта және бақша өнімдері бойынша өнім көрсеткіші былтырғыға қарағанда едәуір жоғары.

Үстіміздегі жылы АШМ дәнді дақылдардың өнімділігіне және жалпы жинын-терінге нақты баға беру үшін ғарыштық мониторингтік мәліметтерді пайдаланған болатын.

"ҚР АШМ-ін дақылдардың нақты өнімділігін көрсететін статистикалық мәліметтер қызықтыруда. Себебі бұл астықтың экспорттық әлеуетін жоспарлау және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады", - делінген ведомство ақпарында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны