22.09.2008, 12:34 960

Қазақстан ағымдағы жылы 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттайды - ҚР АШМ (толықтырылған нұсқасы)

Қазақстан ағымдағы жылы 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттайды - ҚР АШМ (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ағымдағы жылы 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттайды. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкіметтік сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Болжанған жалпы түсім еліміздің ішкі сұранысын толық қамтамасыз етуге және әлемдік нарыққа 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттауға мүмкіндік береді", - деді А. Күрішбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биыл республикада бункерлік салмағымен 17 млн тонна астық жиналады деп болжанған. Ал былтыр бункерлік салмақпен түсім 22 млн тоннаны құрады.

Ауылшаруашылығы министрі Қазақстанда "ауылшаруашылығы саласындағы экспорттық әлеуеттің тұрақты өсіп келе жатқанын" атап өтті. "Кейінгі бес жылда экспорт көлемі екі есе өсіп, былтыр 717,6 млн долларға жетті, осы орайда ең ірі экспорттық позициямыз - бидай қалпында қалып отыр.

Кейінгі бес жылда республика жылына орта есеппен 6 млн тоннадан астық экспорттаса, былтырғы маркетингтік жылы тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары астық экспорты көрсеткіші - 9,1 млн тоннаға қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны