19.09.2006, 13:27 2845

Қазақстан ағымдағы жылы әлемдік нарыққа 4,7 млн. тонна астық шығара алады

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан ағымдағы жылы әлемдік нарыққа 4,7 млн. тонна астық шығара алады. Бұл туралы "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ-ның вице-президенті Сапархан Омаров бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Болжамға сәйкес биыл Қазақстанда 14 млн. тонна астық жиналады. Ахуалға байланысты оның 4,7 млн. тоннасы әлемдік нарыққа шығарылады. Бұл 2005-жылғыдан 2 есе артық",- деді ол.

"Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ-ның вице-президентінің айтуынша, 2006-жылы Қазақстанның астығын негізінен Ресей, Украина және басқа да бірқатар ТМД елдері, Заквказье елдері, Иран, сондай-ақ, Қытай тұтынады деп күтілуде. Былтыр Ресей, Тәжікстан және Изербайжан елдері бізден астық сатып алды.

Ал "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ-ның өзі тікелей әлемдік нарықтағы ахуалға байланысты 500 мыңнан 1,5 млн. тоннаға дейінгі астықты экспорттамақшы. 2005-жылы компания 450 мың тонна астықты шетелдерге шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны