06.12.2007, 18:41 4280

Қазақстан әлемде салық төлемдерінің қарапайымдылығы жағынан 44 орында

Қазақстан әлемде салық төлемдерінің қарапайымдылығы жағынан 44 орында

Алматы. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттердің қарапайым салық төлемдері рейтингісі жағынан Қазақстан 44 орынды иемденіп, Орталық Азия және ТМД елдері арасында алдыңғы қатарда. Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік банк(ДБ), халықаралық қаржы корпорациясы(ХҚК) және PricewaterhouseCoopers бірлесіп жасаған баяндамасында айтылды деп хабарлайды агенттік.

Зерттеулер бойынша Қырғызстан бұл рейтинг бойынша 152, Тәжікстан - 155-ші, Өзбекстан -159-ші орында тұр. Ал Ресей тізімнің ортасынан төмен 130 орынға ие болса, Қытай әлемдік салық режимі рейтингісінің 168-ші орнына жайғасты.

Есеп-қисап және қолданыстағы тәсілдерге сәйкес, ҚР салық төлемдерінің саны жағынан жоғары позицияда тұр ( 9 төлем, берілген көрсеткіш бойынша берілген 15 орын), сондай-ақ жалпы салық салу ставкасы бойынша жақсы бағаланған (бұл көрсеткіш бойынша ел 58 орында, ал жалпы салық салу ставкасының мөлшері - 36,7%, сол арқылы Қазақстан ТМД елдері арасында 3 орында).

Баяндамада көрсетілгеніндей, Қазақстан 2006-2007 жылдары салық төлеуді жеңілдеткен реформатор-мемлекеттер қатарына енген. " Қазақстанның салық саясаты жалпы оңтайлы бағаланып отырғанымен, салық төлеушілер күнделікті салық әкімшіліктендіру, туындаған түйіткілдерді шешу барысында түрлі мәселелерге тап болуда ", - деп жазылған зерттеуде.

Зерттеушілердің пікірі бойынша, көрсеткіштерді жақсарту үшін, Қазақстан салық міндеттемелерін орындауға жұмсалатын уақытты азайту керек. (компаниялар салық төлемдерін жасау үшін 34 толық жұмыс күні керек, бұл көрсеткіш бойынша мемлекетіміз 105).

Баяндамадағы мәліметтер бойынша биыл бизнеске салық салу жүйесін жақсартуға 31 ел атсалысыпты. Айтарлықтай шаралар Болгария мен Түркияда жасалған. Корпоративтік табыс салығы 27 елде төмендетіліп, ең тиімді шараның бірі болды. Оның қатарында Қазақстан да бар.

Сондай-ақ бірқатар елдер салық заңдылығын сақтаудың ережелерін жеңілдетіп, тіпті кәсіпкерлерге салынатын кейбір төлемдерді жойды.

"Биыл салық салу жеңілдіктерін енгізу, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметін реттеу жөніндегі реформасы екінші қуанышты жаңалығы болды. Былтыр көптеген ел үкіметтері, мемлекеттік табыс мөлшері азаяды деп, мұндай қадамға бармаған болатын. Бірақ олардың бірсыпырасы салық реформасын жақсарту арқылы, елге инвестиция тартып, экономикалық жетістіктерге қол жеткізді ", - деді баяндаманы дайындаған авторлардың бірі, Doing Business ДБ және және ХҚК жобаларының салық сарапшысы Рита Рамальо.

"Салық жүйесі жеңілдетілген елдерде жаңа компаниялар тез пайда болады", - деді ол.

Зерттеулер бойынша, биылғы жылы салық режимі жеңілдетілген мемлекеттер қатарына: Мальдив аралдары, Сингапур, Гонконг (Китай), БАИ, Оман, Ирландия, Сауд Арабиясы, Кувейт, Жаңа Зеландия и Кариб аралдары кірді. Кәсіпкерлер үшін ең ауыр салық төлемдері бар елдерге Панама, Ямайка, Мавритания, Боливия, Гамбия, Венесуэла, Орталық-Африка Республикасы, Конга Республикасы, Украина және Беларусия жатқызылды (бұл рейтингтегі 169-178 орындар).

"Кәсіпкерлердің салық төлеумен байланысты ауыр шарттарының бірі -әкімшіліктің талаптарды орындау міндеті. Ирбір компания жылына салық нормаларын орындау үшін, 2 айын сарп етіп, оның ішінде 15 күнін корпоративтік салығына, 21 күнін әлеуметтік салықтары мен төлемдерге, 21 күнін тұтыну салықтарына жұмсайды", -делінген баяндаманың мәтінінде.

Баяндамада жазылғанындай, "Мысалы, Бразиялияда, тұтыну салықтарын бойынша талаптарды орында үшін 170 күн жұмсалады. Ресейде-24 күн, Қазақстанда 12 күн, ал Швейцарияда 1 күн жұмсалады. Салық заңдылықтарын орындау міндеті мемлекеттің жалпы рейтингісіне әсер етеді. Скандинавия елдері өздерінің жоғары салықтарымен әйгілі, бірақ жағдай салық салу процедураларын жеңілдету арқылы оңалып келеді".

"2008 жылдың салық төлемдері" - әлемнің 178 мемлекетін қамтыған салық жүйесінің жылдық есеп -қисатының екінші баяндамасы. Зерттеулер PricewaterhouseCoopers және ДБ тобының "Ведение бизнеса 2008"баяндамасы аясында ВБ тобымен бірлесіп жасалған (Doing Business 2008).

Зерттеулер түрлі елдердің салық жүйесін салыстыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы кәсіпкерлік қызметінің салық салу ставкаларынан басқа, құқықтық нормаларды орындау процедураларының ауыртпалықтарына қаншалықты байланып, бағынышты болуы анықталады. Баяндамада салық төлемдерінің саны жіті саналып, салық мөлшері және оны төлеуге жұмсалатын уақыт есептелінеді.

Салықтың ортақ ставкасы келесі салықтарды қамтиды: табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, айналымнан алынатын салық және т.б. Салық режимін бағалау үшін, жұмсалатын қаржы,уақыт, процедуралары сияқты индикатарлар пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны