28.10.2011, 14:59 5983

Қазақстан әлемдік мұнай экспорттаушы елдердің алғашқы бестігіне кіруі мүмкін

Қазақстан әлемдік энергетикалық нарықта өте маңызды ойыншы болып табылады және әлемдегі ірі мұнай экспорттаушылардың қатарына кіруі мүмкін, деп мәлім етті Халықаралық Энергетикалық форумның Бас хатшысы Ное Ван Хольст PM.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

Астана. 28-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан әлемдік мұнай экспорттаушы елдердің алғашқы бестігіне кіруі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан әлемдік энергетикалық нарықта өте маңызды ойыншы болып табылады және әлемдегі ірі мұнай экспорттаушылардың қатарына кіруі мүмкін, деп мәлім етті Халықаралық Энергетикалық форумның Бас хатшысы Ное Ван Хольст PM.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

"Қазақстанға жасаған алғашқы сапарымнан алған әсерім зор. Қазір сіздердің елдеріңізде мұнай өндірісі 1,5 миллион долларды (тәулігіне) құрайды, яғни осыдан үш жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге көп. Мен көрген өндірістің барлығы дамуын жалғастыруда",- деді Ное Ван Хольст Kazenergy VI Еуразиялық форумының аясында берген сұхбатында.

"Бұл сіздердегі мұнай өндірісі қарқынды өсіп, 2016 жылға қарай тәулігіне 2 миллион долларға жетуі мүмкін екенін және 2035 жылға қарай 4 миллион долларға дейін ықтимал екенін көрсетеді",- деп мәлім етті Халықаралық Энергетикалық форумның Бас хатшысы.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның алдағы онжылдықтарда әлемдік мұнай нарығында өте маңызды роль ойнайтынын атап көрсетті.

ХЭФ Бас хатшысы сонымен қатар, Қазақстанды Халықаралық Энергетикалық форумға қатысуға шақырды.

"Сіздердің елдеріңіз ұйымдастырып отырған осынау конференцияға ("Kazenergy" - Ред.) қатысушыларды, сондай-ақ Қазақстан Үкіметін Халықаралық Энергетикалық форумға қатысуға шақырдым. Эр-Риядта Халықаралық Энергетикалық форумның хартиясына қол қойған 86 ел Форумға қосылып отыр", - деді Ное Ван Хольст.

Ол сондай-ақ, аталған 86 елдің әлемдік мұнай жеткізіліміндегі және мұнайға деген әлемдік сұраныстағы үлесі 95 пайызды құрайтынын баса атап өтті.

"Менің ойымша, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан үшін Халықаралық Энергетикалық форумның энергетикалық және саяси диалогына қосылудың маңызы зор", - деп мәлім етті Форумның Бас хатшысы Ное Ван Хольст.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны