18.12.2015, 19:27 4496

Қазақстан алғаш рет кәсіпкерлікті зерттеу бойынша елдердіӊ әлемдік тізіміне енді - ҚР ҰЭМ

Қазақстан - кәсіпкерлік бойынша әлемдік ірі зерттеудіӊ тізіміне енген Орталық Азия өӊiрiндегi алғашқы мемлекет, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрлiгi жанындағы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсiпкерлiктi дамыту орталығыныӊ директоры Нұрлан Құлбатыров

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан - кәсіпкерлік бойынша әлемдік ірі зерттеудіӊ тізіміне енген Орталық Азия өӊiрiндегi алғашқы мемлекет, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрлiгi жанындағы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсiпкерлiктi дамыту орталығыныӊ директоры Нұрлан Құлбатыров, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан - кәсіпкерлік бойынша әлемдік ірі зерттеудіӊ тізіміне енген Орталық Азия өӊiрiндегi алғашқы мемлекет. "Global Entrepreneurship Monitor" (GEM) - әлемніӊ жеке елдері арасындағы кәсіпкерлік бесленділікті зерттеуге бағытталған әлемніӊ бизнес мектептерініӊ жалпы бастамасы", - деді Н.Құлбатыров ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, бүгінгі таӊда жобаға әлемнiӊ 73-тен астам мемлекетi қатысады, бұл әлем халқыныӊ 72,4% және әлемдiк жалпы iшкi өнiмнiӊ 90%-ын құрайды.

"Жұмыс жасап келе жатқан жылдарда GEM жобасы көптеген қатысушы елдер үшін бизнес ортаны жақсартуға байланысты шешiмдер қабылдаудыӊ тиiмдi құралына айналды. GEM мәліметтері жаһандық тақырыптық зерттеулер үшін негізгі және көп пайдаланылатын мәлімет көзі болып табылады", - деп түсіндірді сарапшы.

Осылайша, зерттеулер нәтижелеріне сәйкес таяу 3 жылда жеке ісін ашуды ҚР еӊбекке қабілетті тұрғындарыныӊ 15% жоспарлап отыр.

Оған қоса, кәсіпкерлікке 18-34 жастағы тұлғалар еӊ көп белсенділік танытуда. Жаӊа өнімді жас тұрғындардыӊ тек 5% іске қосуды жоспарлауда. Аталған топ көбіне бизнестіӊ жаӊа технологияларын, яғни интернетті пайдаланады.

"Сауалнамаға қатысқандардыӊ 50%-ы саудада бизнеспен айналысқысы келетiнiн айтса, респонденттердiӊ 30%-ы қызмет көрсету саласында жеке iсiн ашқысы келетiнiн жеткізген", - дедi өз кезегінде Назарбаев Университетініӊ "Global Entrepreneurship Monitor" жобасыныӊ ұлттық үйлестірушісі Лейла Ерғожа.

Сонымен бірге, зерттеушілер атап өткендей, "Қазақстанда кәсіпкерлікке қызығушылық АҚШ, Канада, Австралия және Сингапурға қарағанда жоғары".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны