03.11.2011, 14:45 3893

Қазақстан алғаш рет өзінде өндірілген локомотивтерді экспортқа шығармақ - баспасөз қызметі

"Локомотив Құрастыру Зауыты" кәсіпорыны озық жоба ретінде Индустрияландыру картасына енгізілген болатын. Тәжік тарыпымен жасалған келісім - бұл отандық зауыттың шығарған тепловоздарын шетелге сату жөніндегі алғашқы келісім шарт.

Кеше Душанбеде "Локомотив Құрастыру Зауыты" АҚ Тәжікстанның "Рохи Охани Точикистон" МБК-мен Қазақстанда өндірілген алты локомотивті жеткізу туралы келісім шартқа қол қойды.

"Локомотив Құрастыру Зауыты" кәсіпорыны озық жоба ретінде Индустрияландыру картасына енгізілген болатын. Тәжік тарыпымен жасалған келісім - бұл отандық зауыттың шығарған тепловоздарын шетелге сату жөніндегі алғашқы келісім шарт. Бұрындары Қазақстан мұндай машина өнімдерін жасамаған және де экспорттамаған",- деп мәлім етті "Локомотив Құрастыру Зауыты" АҚ коммерция және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі вице-президенті Андрей Ершов.

Естеріңізге салсақ, "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ 2009 жылдың жазында іске қосылған болатын. Бүгінде кәсіпорын айына ТЭ33А үлгісіндегі 6-8 жүк локомотивтерін шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны