02.02.2009, 16:51 2792

"Қазақстан Алюминийі" өз өнімін дағдарысқа қарсы бағдарламада көрсетілген бағадан арзан бағаға сатуда - Сағынтаев

"Қазақстан Алюминийі" өз өнімін дағдарысқа қарсы бағдарламада көрсетілген бағадан арзан бағаға сатуда - Сағынтаев

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- "Қазақстан Алюминийі" өз өнімін дағдарысқа қарсы бағдарламада көрсетілген бағадан арзан бағаға сатуда. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Қазақстан Алюминийі" өз өнімін дағдарысқа қарсы бағдарламада көрсетілген бағадан арзан бағаға сатуда. Бағдарламада баға $1700 деп жазылған, ал бүгін компания өз өнімінің бір тоннасын $1300 сатуда. Компания басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отыр, бір қызметкер де жұмыстан шығарылған жоқ. Егер жағдай осылайша жалғаса берсе компаниямен арадағы уағдаластыққа сәйкес жұмыс күні бір жарым-екі сағатқа созылады, бірақ қызметкерлер қысқартылмайды", - деді Б. Сағынтаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны