02.06.2014, 20:25 7703

Қазақстан "Антимонополия саясатының тиімділігі" бойынша ТМД мен ЕО бірқатар елінің алдына шықты

"Антимонополия саясатының тиімділігі" индикаторы бойынша Қазақстан 4 сатыға көтерілді. Оған қоса, Қазақстан ЕАЭО және ТМД (Ресей, Изірбайжан, Украина, Кырғызстан, Грузия, Молдова ), Еуропа (Греция, Словакия, Италия, Болгария, Сербия), Таяу Шығыс (Израиль, Кувейт) елдерінің бірқатарын артта қалдырды, деп Бәсекелестікті қорғау агенттігінен хабарлады

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. Қазақстандағы антимонополия саясатының дамуы Илемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілетті рейтингінің 2013 жылғы қорытындысында айқын көрінді

"Антимонополия саясатының тиімділігі" индикаторы бойынша Қазақстан 4 сатыға көтерілді. Оған қоса, Қазақстан ЕАЭО және ТМД (Ресей, Изірбайжан, Украина, Кырғызстан, Грузия, Молдова ), Еуропа (Греция, Словакия, Италия, Болгария, Сербия), Таяу Шығыс (Израиль, Кувейт) елдерінің бірқатарын артта қалдырды, деп Бәсекелестікті қорғау агенттігінен хабарлады.

Рейтинг бойынша 148 ел бағаланды. Үздік бестіктің қатарына Финляндия, Катар, Швеция, Сингапур және Нидерланды енді.

Қазақстанның өсу қарқыны ең алдымен антимонополиялық саясатқа тәуелді. Оның жүзеге асуы да үлкен рөл атқарады.

Агенттіктің алдағы жұмыс жоспары бойынша бәсекелестікті қорғау мен экономиканың кейбір салаларын монополиясыздандыру қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны