02.10.2009, 13:46 2856

Қазақстан астығын экспорттау географиясы биыл былтырғымен бірдей болады

Қазақстан астығын экспорттау географиясы биыл былтырғымен бірдей болады

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан астығын экспорттау географиясы биыл былтырғымен бірдей болады. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан астығын экспорттау географиясы биыл былтырғымен бірдей болады, өйткені, ахуал да былтырғымен бірдей",- деді А. Евниев.

"Біз үшін Қара теңіз бен Балтық бағыты жабық. Оған себеп Ресей мен Украина да биыл жақсы түсім алғандықтан, біздің астығымыз бұл терминалдарда бәсекелестік қабілетке ие емес", - деді вице-министр.

Қазақстан бірақ астық экспорттайтын басқа да бағыттарды іздемекші.

"Өткен жылы біз шамамен 25 елге астық экспорттадық, бұл негізінен Иран, Ауғанстан және біздің көршілеріміз секілді оңтүстік бағыттар", - деді А. Евниев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны