18.01.2007, 16:27 2917

Қазақстан әуе компанияларының жолаушыларды тасымалдау көлемі 2009 жылы 3 млн. адамды құрайды - көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан авиакомпанияларының жолаушыларды тасымалдау көлемі 2009 жылы 3 млн. адамды құрайды. Бұл туралы көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиция комитетінің салалақ кеңесінде комитет басшысы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстандық әуе компанияларының жүргіншілерді тасымалдау көлемі 2009 жылы 20-25 пайызға өсіп, жолаушылар саны 3 млн.-ға жетеді деп күтілуде",- деді Е. Қошанов.

Оның сөзіне сүйенсек, жалпы "авиатасымалының тұрақты түрде өсіп келе жатқандығы байқалады". 2006 жылы 1,9 млн. жолаушы тасымалданған, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 19 пайызға артық. Өткен жылғы жолаушылар айналымы 12 пайызға өскен. Сондай-ақ, қазақстандық әуежайдан жолаушыларды ұшыру 18 пайызға, жүк жіберу 6 пайызға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны