24.09.2012, 14:29 3152

Қазақстан Австриямен инвестицияны өзара қорғау және қолдау туралы келісім жасамақ

Ақпаратқа сәйкес, құжат екі ел арасындағы инвестициялар бөлігіндегі экономикалық ынтымақтастықты бекітуге бағытталған.

Астана. 24-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламент Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінде "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Үкіметі арасында инвестициялар тарту және өзара қорғау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақпаратқа сәйкес, құжат екі ел арасындағы инвестициялар бөлігіндегі экономикалық ынтымақтастықты бекітуге бағытталған.

Келісімде екі тарап та өз инвесторлары мен инвестицияларына не кез келген үшінші елдің инвесторларына берген режимнен кем соқпайтын қолайлы режимді екінші тараптың инвесторлары мен инвестицияларына немесе кірістеріне беру жайы қарастырылады.

Келісім 2010 жылдың қаңтарында Венада жасалды.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны