10.10.2016, 19:33 4353

Қазақстан, Изербайжан және Грузия мемлекеттері Транскаспий халықаралық көлік бағдарын құруда

Отырыста "Халықаралық Транскаспий халықаралық көлік бағдары қауымдастығын" құру жайы талқыланды.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today -Астанада 7 қазанда Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту бойынша Үйлестіру комитетініӊ кезекті отырысы өткізілді,- деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Отырысқа Қазақстан, Изербайжан, Грузия, Украина темір жол әкімшіліктерініӊ жетекшілері, Ақтау, Баку халықаралық сауда портыныӊ, Изербайжан Каспий теӊіз пароходы, Батуми теӊіз порты, "Укрферри" компаниясы, TranslogisticSRL, Халықаралық Транскаспий көлік консорциумыныӊ өкілдері қатысты.

Отырыста "Халықаралық Транскаспий халықаралық көлік бағдары қауымдастығын" құру жайы талқыланды.

Талқылауға "ҚТЖ" ҰК" АҚ -дан Қ. Алпысбаев, "ГТЖ" АҚ басшысы М. Бахтадзе, "ИТЖ" ЖАҚ-нан Д. Гуранов, "АҚТП" ЖАҚ-на Р. Велиев, "БХМКП" ЖАҚ-нан

Т. Зиядов қатысты.

Қауымдастық құрылтайшылары құрылтайшылық келісімге қол қойып, Жарғысын қабылдады. Қауымдастықтыӊ офисі Астана қаласында орналасатын болып шешілді.

Қауымдастықтыӊ қызметі ТХКБ бағдарына ықпалдасқан логистикалық өнім жасауды дамыту мақсатында транзиттік және сыртқы сауда жүктерін тартуға бағытталады.

Сондай-ақ, Қауымдастық - тиімді тариф саясатын, ықпалдасқан қызмет бағасы мен үнемдеу, тасымалдау үдерісіндегі бірыӊғай технология құру, шекаралық және кедендік ресімдеулердегі және жүктерді өӊдеу, түйісу станцияларындағы портта контейнерлерді өӊдеудегі әкімшілік кедергілерді төмендетуді көздейді.

Барлық шаралар ТХКБ баламалы бағдарлармен бәсекелестікті күшейтуге арналады.

Оныӊ сыртында, Қауымдастық отырысында офистіӊ бақылаушысы мәртебесі "ТРАСЕКА-ға берілді.

ТХКБ үйлестіру комитетініӊ отырысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Еуразия көлік дәлізін бәсекелестікке сай етіп дамытуда ТХКБ-ныӊ маӊызы зор екендігін атап өтті.

"Үйлестіру комитеті құрылған кезден бастап, тиімді тарифтік жүйе жасалды. Жүк тасымалдаудыӊ бірыӊғай технологиясы және бірлескен ықпалдасқан логистикалық Nomad Express өнімін жасауға қол жеткізілді. Контейнерлік пойыздар жіберілді. Халықаралық транскаспий көлік консорциумы құрылды",-деп хабарлады Қ. Алпысбаев.

Отырыс барысында қазақстан тарабы қатысушыларды "Құрық паром құрылысы кешені және жүк жолаушылар тасымалдау әмбебап паромын пайдалану" жобасын жүзеге асырып жатқандығы мен Құрық порты алғашқы кезеӊін пайдалануға беру 2016 жылдыӊ аяғында атқарылатындығын хабарлады.

Үйлестіру комитеті Құрық порты мен Алят порты арасында сынақтық вагон тасымалдау паромын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Отырыс барысында ТХКБ мөлшерлемесін бәсекелестікке сай етіп белгілеу жайы талқыланды. Тараптар Қазақстаннан экспортқа шығарылатын бірқатар жүктергді тасымалдауға, оныӊ ішінде астық, мұнай өнімдері және түсті металл бар, ТХКБ қатысушы елдерде тарифтік жеӊілдіктер жасауға келісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны