18.04.2008, 15:19 3145

Қазақстан азық-түлік нарығындағы ахуалды ескере отырып Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздер процессіне түзету енгізуі қажет - Индустрия және сауда министрі

Қазақстан азық-түлік нарығындағы ахуалды ескере отырып Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздер процессіне түзету енгізуі қажет - Индустрия және сауда министрі

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан азық-түлік нарығындағы ахуалды ескере отырып Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздер процессіне түзету енгізуі қажет. Бұл туралы бүгін еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник үкіметте өткен кеңесте пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздер процессіне қатысты ахуал әлемдік азық-түлік нарығында қалыптаса бастаған ағымға сай біршама түзетілуі мүмкін", -деді В. Школьник үкімет басшысына қаратып айтқан сөзінде.

Журналистерге берген сұхбатында ол әлемдік нарықтағы ахуалға сай "елімізде ауылшаруашылығын дамытуға жоғары деңгейде ынталандыру қажеттігін" атап көрсетті.

"Барлық келіссөздер барысында өз нарығымызды қорғау мәселесіне назар шоғырландыруымыз қажет. Және халықаралық азық-түлік нарығындағы қандай ахуалға байланысты болмасын, оны барлық өнімдерден толтыру керек. Келіссөздерде осы мәселеге назар аударылуы қажет", - деді министр.

Сонымен бірге ол мұндай әңгіме Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мерзімін кейіндетуді білдірмейтінін атап көрсетті.

"Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мерзімі кейінге шегеріледі дегенді меңземейді. Біз бес елмен мәмілеге келуге тиіспіз, олар берешек мәселесі бар Үндістан мен Монғолия, сондай-ақ, ауылшаруашылығының өнімдері бойынша Австралиямен, нарыққа шығу және тарифтерді біріздендіру, ауылшаруашылығы және қаржы нарықтары жөніндегі мәселелер бойынша АҚШ пен Еуроодақпен келісу қажет", - деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны