28.02.2007, 10:46 3266

Қазақстан Баку-Тбилиси-Эрзурум газ құбырының құрылысына қатыспақ ниетте

АСТАНА. 28 ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Баку-Тбилиси-Эрзурум газ құбырының құрылысына қатыспақшы. Бұл туралы кеше ҚР президентімен болған кездесуден кейінгі брифингте Изірбайжанның Сыртқы істер министрі Эльмар Мамадияров хабарлады.

"Газ тасымалы жөнінде әңгіме болды. Биыл Изірбайжан Баку-Тбилиси-Эрзурум газ құбырын іске қосатыны белгілі. Бұл газ құбырына Қазақстан жағы да қызығушылық танытып отыр",-деді Изірбайжанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы. Оның айтуынша, "қазіргі кезде газ жеткізуге қатысты мәселе шешілуге жақын". "Оны қалай жүзеге асыруға қатысты мәселелер көп",-деді ол.

"Біз Қазақстанның газ өндіру көлемін көбейту ниетін білеміз. Бұл ретте өндіріс көлемі артса, оны жеткізу бағыттарын да анықтау қажет",-деді Э. Мамедияров. "Газды халықаралық нарыққа қалай жеткізудің бірнеше жолы бар. Таңдау жасау үшін алдымен сарапшылардың атқаратын жұмысы көп. Бұл ретте тарифке, кедендік баж салықтарына, техникалық ережелерді анықтауға қатысты жеткілікті мәселелер бар",-деді ол.

Келіссіөздер барысында министрдің айтуынша, Қазақстанның Баку-Тбилиси-Карс темір жолының құрылысына қатысуы жөнінде де мәселе көтерілген. "Қазақстан бұл жобаға қызығушылық танытып отыр. Бұл Қазақстаннан шығарылатын, сондай-ақ, Қазақстан арқылы Қытай, Таяу Шығыс, Түркия нарығы мен Еуропа елдеріне транзитті жөнелтіліп жатқан жүк ағындарын бағыттауға мүмкіндік береді",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны