02.07.2009, 13:06 2363

Қазақстан баламалы қуат көздері мен коммуналдық саланы дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін Испаниядан инвестициялар тартудан мүдделі - Қаржы министрлігі

Қазақстан баламалы қуат көздері мен коммуналдық саланы дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін Испаниядан инвестициялар тартудан мүдделі - Қаржы министрлігі

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан баламалы қуат көздері мен коммуналдық саланы дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін Испаниядан инвестициялар тартудан мүдделі. Бұл туралы бүгін экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Испания үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысы басталар алдында журналистерге берген сұхбатында ҚР қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз үкіметаралық комиссиялардың бұған дейінгі мәжілістерінде қол қойылған меморандумдар жаңа инвестицияларға серпін береді деп сенеміз: "Тальго" жобасы, локомотивтік жабдықтарды сатып алу және оған қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғау, балама қуат көздері, коммуналдық салаға инвестиялар салу жобалары. Бұл жобаларға испандықтар да, қазақстандықтар да, соның ішінде әсіресе Астана әкімдігі қызығушылық танытуда", - деді Р. Дәленов.

Вице-министрдің нақтылауынша, қазір "Қазақстанға тартылған жалпы шетелдік инвестициялардың ішінде испан инвестициясының үлесі тым мардымсыз, ол оншақты миллион долларға ғана жетеді".

Оның айтуынша, дегенмен, кейінгі уақытта екі ел арасындағы тауар айналымының өсу ағымы байқалды. "Егер біз бұрынғы жылдары $600 - 700 млн көлемінде сауда жасасақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы $1 млрд болды. Өсу қарқыны ғажап", - деді ол.

Р. Дәленовтың айтуынша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін Қазақстанда ынтымақтастыққа қолайлы жағдайлар жасау қажет. "Салық салу мәселесі Қазақстанның тартымдылығына, бірлескен кәсіпорындардың жұмысына тікелей әсер етеді, сол себепті осындай кәсіпорындар санының өсуі салық салудың осы саласын тәртіпке келтіру және реттеу, белгілі бір кедергілерді алып тастау мәселелерін алға қояды", - деді Р.Дәленов.

Сондай-ақ, Қазақстан үшін Испанияның мемлекет пен жеке меншік салалардың серіктестігі саласындағы тәжірибесі қызғылықты. "Қазақстанда мемлекет пен жеке меншік салалардың серіктестігі енді ғана пайда болып келеді, сол себепті біз Испания жағының осы саладағы құнды тәжірибесінен алғымыз келеді", -деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны