23.04.2009, 15:11 2780

Қазақстан банктерінің сыртқы қарызының проблемасы 2009 жылғы шілдеде шешімін табады - Марченко (толықтырылған)

Қазақстан банктерінің сыртқы қарызының проблемасы 2009 жылғы шілдеде шешімін табады - Марченко (толықтырылған)

Алматы. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан банктерінің сыртқы қарызының проблемасы 2009 жылғы шілдеде шешімін табады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан VIII Еуразиялық медиафорум аясындағы бірінші отырыста ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біздің пікірімізше, Қазақстан банктерінің сыртқы қарызының проблемасы 2009 жылғы шілдеде шешімін табады ", - деді Г. Марченко.

Оның айтуынша, "Қазақстандағы банк секторының сыртқы қарыздарының шарықтау көрсеткіші 2007 жылғы жазда байқалып, оның көлемі $56 млрд жетті. 2009 жылдың 1 сәуіріндегі жағдаймен ол $35 млрд дейін төмендеді. Банктердің сыртқы қарызы 2007 жылы 50% құрады. Ал қазір ол 26% дейін төмендеп отыр".

Г. Марченко бүгінгі күні банктердің, соның ішінде "БТА Банк" пен "Альянс Банктің" сыртқы қарызын қайта құрылымдау мәселесі шешілуде деп атап өтті.

Осы орайда Ұлттық банк басшысы Изербайжан Республикасы президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Эльхан Нуриевтің Қазақстанның банк секторындағы сыртқы қарыздың үлесіне қатысты ақпаратын жоққа шығарды.

"Шетелдік несиелер еліміздегі банктердің активтерінің небәрі 18%-ын құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш - 78%", -деді Э. Нуриев өзінің форумда сөйлеген сөзінде.

" Изербайжандық әріптесміздің бұл санды қайдан алғанын білмеймін, өйткені, 78% деген көрсеткіш ешқашан болған емес", - деді Г. Марченко.

"Бір ғана банкте, атап айтсақ, "Альянста" шарықтау шегі кезінде бұл сан 73%-ға жеткен, сол себепті бүгін айтылған 78% деген сан - іс жүзінде дұрыс емес", -деп нақтылады Г.Марченко.

"Біз Қазақстанның банк секторы өзінің шетелдік міндеттемелерін атқара алады деп санаймыз", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны