25.06.2009, 17:14 2647

Қазақстан басы артық газ ресурстары жоқ болуға байланысты Nabucco жобасына қатыса алмайды

Қазақстан басы артық газ ресурстары жоқ болуға байланысты Nabucco жобасына қатыса алмайды

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан басы артық газ ресурстары жоқ болуға байланысты Nabucco жобасына қатыса алмайды. Бұл туралы бүгін Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумында ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Исет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз қазір екі ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз. біріншісі - Каспий маңы газ құбыры жобасы, оған біз 10 млрд текше метрге дейін газ жеткізуге ниетіміз бар, ал екіншісі- Қытай бағытындағы жоба. Сол себепті таяу келешекте елімізде басы артық газ ресурсы бола қоюы неғайбіл",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны