23.12.2009, 16:05 3285

Қазақстан бес жылда машина жасау саласының өнімін екі есе арттырмақ ниетте

Қазақстан бес жылда машина жасау саласының өнімін екі есе арттырмақ ниетте

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан бес жылда машина жасау саласы өнімінің өндірісін 270 млрд теңгеден 630 млрд теңгеге дейін екі есе арттырмақ ниетте. Бұл туралы бүгін машина жасау саласын дамыту мәселесі бойынша өткен үкіметтің отырысында Қазақстанның машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанның машина жасау саласының алдында үлкен міндеттер тұр: бес жылда біз машина жасау саласы өнімдерінің өндірісін кем дегенде 270 млрд теңгеден 630 млрд теңгеге дейін екі есе өсіруге тиіспіз", - деді М. Пішенбаев.

Оның бағалауынша, алдағы бес жылда мұнайгаз, транспорттық, тау-кен-шахталық, металлургиялық, аспап және қорғаныс өнеркәсібі бойынша машина жасау салалары айтарлықтай дамуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны