19.07.2012, 11:07 2949

Қазақстан биыл астық экспортына шектеу қоймады

"Былтырдан қалған астық пен биылғы болжамдарды ескерсек, біздегі астық қоры ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетеді. Сондықтан астық экспортына тыйым салуға ешқандай негіз жоқ", - делінген министрлік баспасөз қызметінің бейсенбідегі хабарламасында.

Астана. 19-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан биыл астық экспортына шектеу қоймады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мәлімдеді.

"Былтырдан қалған астық пен биылғы болжамдарды ескерсек, біздегі астық қоры ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетеді. Сондықтан астық экспортына тыйым салуға ешқандай негіз жоқ", - делінген министрлік баспасөз қызметінің бейсенбідегі хабарламасында.

"Сондай-ақ, қазір жемдік астық қорын қалыптастыру бағытында жұмыс жүріп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ал, Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков диқандардың биылғы құрғақшылықтан көрген шығындарын өтеу үшін мемлекет астықты қымбат бағаға сатып алатынын айтты.

"Қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету шараларын әзірлеп жатырмыз. Биыл бағаны көтереміз, сол арқылы шығынның басым бөлігі өтеліп кетеді", - деді ол бейсенбі күні журналистерге.

Министрдің ойынша, биыл қуаңышылық салдарынан "жарамсыз деп танылатын егіс алқаптарының көлемі аса көп болмайды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны