09.12.2009, 18:19 3266

Қазақстан биыл таза салмақта 20 млн тонна астық жинады - статагенттік

Қазақстан биыл таза салмақта 20 млн тонна астық жинады - статагенттік

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан биыл таза салмақта 20 млн тонна астық жинады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылы елімізде таза салмақта 20 млн тонна астық жиналды ", - деді Илихан Смайылов.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда астық көлемі 28%-ға өсті. Ауылшаруашылығындағы астықтың үлесі шамамен 40%.

Мекеме басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ауылшаруашылығындағы өсім 10,6%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны