29.06.2012, 10:13 4087

Қазақстан бірегей оптикалық жабдықтар шығарады

Алматыдағы Инновациялық технологиялар паркінің қатысушысы "Alpha Network" компаниясы жақын келешекте пассивті оптикалық құрауыштар өндірісін іске қосады, осының арқасында Қазақстан осынау өнімді шығаратын әлемдегі үшінші елге айналады.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан бірегей оптикалық жабдықтар шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыдағы Инновациялық технологиялар паркінің қатысушысы "Alpha Network" компаниясы жақын келешекте пассивті оптикалық құрауыштар өндірісін іске қосады, осының арқасында Қазақстан осынау өнімді шығаратын әлемдегі үшінші елге айналады.

"Инновациялық жобаларға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың арқасында Қазақстан технологиялық дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі. Аталған жобаларды іске асыру еліміздің шикізаттық емес өнеркәсіптік кешенін дамытуды жеделдетеді",- деп атап көрсетеді жоба авторы Артем Беспалых.

"Alpha Network" компаниясы ағымдағы жылы пассивті оптикалық құрауыштардың - коммуникация саласында тиімділігі зор сплиттер, патчкорд, кросс сияқты өнімдердің өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.

"Бүгінде технологиялық үрдістің қарқынды өсуіне байланысты ақпараттандыру саласы басты бағытқа айналып отыр, осыған орай заманауи үлгідегі оптикалық жабдықтар Қазақстанның оптикалық-талшықты желілер жүйесіне тезірек ауысуына сеп болмақ",- дейді жоба авторы.

Жаңа зауыт сигнал қуатын бөлгіш болып табылатын және байланыс операторлары кабелдік желілерде оптикалық талшықтарды бөлу үшін пайдаланатын сплиттер өндірісіне басымдық бермек.

Компания "Қазақтелекоммен" ынтымақтастық туралы меморандум жасап отыр. Ұлттық байланыс операторы гигабитті пассивті оптикалық желі технологиясы бойынша әр үйге оптикалық-талшықты желілер тарту жөніндегі 2015 жылға дейінгі жаңа жобаны іске қосты. Бұл мүмкіндік әрбір қазақстандыққа жоғары жылдамдықты Интернетке ауысуға мүмкіндік береді.

Компанияның есебі бойынша, зауыттың құрылысына салынатын инвестиция көлемі 10 млн. АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорын базасында 50 шақты жұмыс орны ашылады, өндіріс көлемі жылына 150-200 мың дананы құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны