24.02.2014, 19:14 4961

Қазақстан бірқатар құрылыс материалдары бойынша өзін өзі 100% қамтамасыз етеді - А.Рау

"Екінші бесжылдықта ұлттық, өңірлік, инновациялық деңгейде даму жолына түсетін боламыз. Атап айтар болсақ олар роботты техника, нанотехнология мен биотехнология. Біз алғашқы бесжылдық кезінде алдымыздан шыққан қиындықтарды ескеріп, екінші бесжылдық бағдарламасында кешенді жұмыс істейтін боламыз", - дейді А.Рау.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. "Қазақстан-2050" Стратегиясындағы ҚР Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында Қазақсан бірқатар құрылыс материалдары бойынша өзін өзі 100% қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мәлімдеді.

"ҚР Президенті болашақтың құрылыс материалдары бойынша тапсырмасын жүктеді. Бірқатар құрылыс материалдары бойынша өзімізді өзіміз толықтай қамтамасыз етеміз. Келесі бесжылдықта кафельді плита, арматура мен цементтің ішкі нарығында өзімізді өзіміз толықтай қамтамасыз етіп, сұранысымызды қанағаттандыратын боламыз", - деді А.Рау.

Оның айтуынша, алдағы бесжылдықта 2050 Стратегиясында айтылған кластерлік әдіс бойынша жұмыс істейтін боламыз.

"Екінші бесжылдықта ұлттық, өңірлік, инновациялық деңгейде даму жолына түсетін боламыз. Атап айтар болсақ олар роботты техника, нанотехнология мен биотехнология. Біз алғашқы бесжылдық кезінде алдымыздан шыққан қиындықтарды ескеріп, екінші бесжылдық бағдарламасында кешенді жұмыс істейтін боламыз", - дейді А.Рау.

Айта кету керек, кешенді сипат ретінде инфрақұрылым, адам ресурсы мен жобаларды қаржыландыру жұмыстары жүргізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны