01.12.2009, 17:07 3159

Қазақстан бірқатар шешуші тауарлар бойынша баж салықтарын реттеу мүмкіндігін 5 жыл бойы сақтап қалады - Индустрия және сауда министрлігі

Қазақстан бірқатар шешуші тауарлар бойынша баж салықтарын реттеу мүмкіндігін 5 жыл бойы сақтап қалады - Индустрия және сауда министрлігі

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Кедендік одақтың мүшесі ретінде бірқатар шешуші тауарлардың жеңілдетілген тізімі бойынша баж салықтарын өз бетімен белгілеу мүмкіндігін 5 жыл бойы сақтап қалады. Бұл туралы бүгін ҚР индустрия және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Вице-министр 27 қарашада Минск қаласында ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысы өткенін, онда Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Кедендік одақ жөніндегі келісімдер 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетіндігі туралы шешім қабылдағанын еске сала кетті. Атап айтсақ, Т. Жақсылықовтың мәліметінше, 11 мың атаудан тұратын тауарлар тізімі келісілген.

"Жасалған мәмілеге сәйкес, Қазақстан өз экономикасының дамуы үшін маңызды бірқатар шешуші тауарлар бойынша жеңілдіктерді сақтап қалады, жеңілдетілген тізімге шамамен мыңдаған позиция енгізілген, оларға сәйкес Қазақстан Кедендік одақ шеңберінде келісілген баж салықтарынан төмен немесе жоғары баж салығын белгілей алу құқығына ие. Бұл құқық 5 жылға сақталады, осы мерзімде экономика, тұтынушылар мен өнім өндірушілер Кедендік одақ ахуалына бейімделіп үлгеруге тиіс", - деді Т. Жақсылықов.

Индустрия және сауда министрлігі өкілінің пікірінше, Қазақстан үшін Кедендік одаққа мүше болудан түсетін экономикалық пайдалар қатарына нарықтың өсуі, оның инвестициялық тартымдылығы мен сыртқы нарыққа тауар экспорттаған кездегі жеңілдіктерді жатқызуға болады.

"Біз ауқымы жағынан 10 есе өсетін ұлығаусар нарыққа шығамыз, келешек инвесторлар үшін оның тартымдылығы да біршама арта түспек, біздің тауарларымыз үшін сыртқы нарыққа шығуға жеңілдетілген жағдайлар пайда болады. Қазір өздеріңіз білетіндей, біздің сыртқы нарыққа экспортталатын тауарларымыз қарапайым жағдайларда ресейлік тауарлармен салыстырғанда транспорттық алалалушылыққа ұшырауда, өйткені біздің тауарлар үшін арнаулы экспорттық тариф белгіленген. Ал Кедендік одақ ахуалында осы тарифтерді төмендету және біздің тауарлардың сыртқы нарыққа қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдету жөніндегі келісімге қол жеткізілді, яғни, біз өз тауар өндірушілерімізді сыртқы нарыққа жақындатып, Кедендік одақтың жұмыс істеуі нәтижесінде олардың шығындарын азайта аламыз", - деді вице-министр.

"Оның пайдасы туралы әңгіме ұзаққа созылады. Жалпы алғанда Кедендік одақтың жұмыс істеуі инфляцияға айтарлықтай ықпалын тигізбейді", - деді Т. Жақсылықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны