21.01.2010, 14:14 3005

Қазақстан Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде ортақ бәсекелестік алаңын құруға жағдай жасауды ұсынады

Қазақстан Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде ортақ бәсекелестік алаңын құруға жағдай жасауды ұсынады

Астана. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде ортақ бәсекелестік алаң құруға жағдай жасауды ұсынады. Бұл туралы бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы Мәжит Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біртұтас кедендік кеңістік құру аясында агенттік Кедендік одақ комиссиясының құрылымында бәсекелестік саясат саласында жеке орган құруды ұсынады", - деді М. Есенбаев.

Оның айтуынша, бұл орган "монополияға қарсы күрес заңнамасын бұзушылықтарды тексеру, экономикалық шоғырлануға бақылау қою және нарық қатысушыларына монополиялық инфрақұрылымға тең дәрежеде шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету құзыретіне ие болуға тиіс".

Өз кезегінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың айтуынша, Кедендік одақ дегеніміз "одақ аумағында кедендік баж салықтарының ставкасын ғана біріздендіруді білдіреді; Кедендік одақ біртұтас бәсекелестік кеңістігін құруды көздемейді". Алайда оның пікірінше, бәсекелестік саясат саласындағы мұндай органды Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде құруға болады. "Ортақ бәсекелестік алаңын, міне осы тұста құруға мүмкіндік бар", - деді премьер.

Осыған байланысты үкімет басшысы өзінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев пен агенттікке "осы бағытта сауатты жұмыстарды атқарып шығуды тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстан заңнамасының негізінде бәсекелестікті қорғау бойынша кейбір модельдік мәселелерді алуды тапсырды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны