27.10.2006, 09:26 3270

Қазақстан бизнесі сапа стандарттарының төмендігіне байланысты ДСҰ кіруге дайын емес - Тұтынушылар Ұлттық лигасы

АЛМАТЫ. 27 қазан . Kazakhstan Today. Қазақстан бизнесі сапа стандарттарының төмендігіне байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге дайын емес. Бұл жөнінде кеше өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының президенті Светлана Савченко мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Менің пікіріміше, біз ДСҰ кірсек, барлық шекарамыз айқара ашылып, бизнесімізден ештеңе қалмайды",-деді С.Савченко. Оның пайымдауынша, тек "санаулы компаниялар ғана Еуропа немесе АҚШ-та қарастырылған нормаларға төтеп бере алады". С.Савченко, Қазақстанда сапа стандарты "өте төмен, ол тек қауіпсіздік белгісі болып табылады" , ал " компаниялардың бәсекелестік қабілеті жоқ", деген ұстанымда.

С. Савченконың сөзіне қарағанда, ұйым отандық кәсіпорындарының деңгейін зерттеген кезде жиі қиындықтарға кез болады. "Ашық процедура болған жоқ, кәсіпкерлердің тарапынан түсіністік болған емес. Олар шын мәнісінде, тұтынушыға қайсібір тауар немес қызмет туралы толық ақпаратты жеткізу қажет екенін түсінгісі келмейді",-деп атап өтті ол.

Тауар мен қызмет сапасын арттырудың бірден-бір жолы - тәуелсіз тұтынушылардың сараптама орталықтарын құру, дейді С.Савченко.

"Тұтынушылармен байланыс орнатып, халықты ақпараттандыру қажет",-деді С.Савченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны