28.08.2012, 15:09 3918

Қазақстан бюджет тапшылығын 2013 жылы 2,1 пайыздан 2015 жылы 1,5 пайызға дейін қысқартады

"2013-2015 жылдарға арналған шығындарды болжағанда үш жылдық кезеңдегі тапшылық деңгейі есепке алынды. Нәтижесінде, бюджет тапшылығы мынадай болмақ: 2013 жылы - 785,2 млрд теңге немесе ІЖӨ-нің 2,1%-ы; 2014 жылы - 758,9 млрд теңге немесе ІЖӨ-нің 1,8%-ы; 2015 жылы - 735,8 млрд теңге немесе ІЖӨ-нің 1,5%-ы", - деп үкіметтің бүгінгі отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев хабарлады.

Астана. 28-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан бюджет тапшылығын 2013 жылы 2,1 пайыздан 2015 жылы 1,5 пайызға дейін қысқартады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет сейсенбі күнгі отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі тілшісі.

"2013-2015 жылдарға арналған шығындарды болжағанда үш жылдық кезеңдегі тапшылық деңгейі есепке алынды. Нәтижесінде, бюджет тапшылығы мынадай болмақ: 2013 жылы - 785,2 млрд теңге немесе ІЖӨ-нің 2,1%-ы; 2014 жылы - 758,9 млрд теңге немесе ІЖӨ-нің 1,8%-ы; 2015 жылы - 735,8 млрд теңге немесе ІЖӨ-нің 1,5%-ы", - деп үкіметтің бүгінгі отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев хабарлады.

Министрдің айтуынша, алдағы үш жылда бюджетке түсетін түсім көлемі мынадай болуы тиіс: 2013 жылы - 5 трлн 415,1 млрд теңге (өсім 2012 жыл бюджетімен салыстырғанда 178,2 млрд теңге); 2014 жылы - 5 трлн 707,1 млрд теңге (2013 жылмен салыстырғанда өсім 292 млрд теңге); 2015 жылы - 6 трлн 388,2 млрд теңге (2014 жылмен салыстырғанда өсім 681,1 млрд теңге).

2013 жылы трансферттік түсімдерді есептемегенде 3 трлн 828,4 млрд теңге көлемінде кіріс кіреді деген болжам жасалған. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда 212,6 млрд теңге артық.

"2012 жыл бюджетінің кіріс-шығыс бөлігінде де Қарашығанақ жобасынан 10 пайыздық үлес сатып алуға кететін 300 млрд теңге есепке алынды. Сондықтан табыстың нақты өсімі 15,5%-ды немесе 512,6 млрд теңгені құрамақ", - деп атап өтті Қаржы министрі.

Бюджет жобасына сәйкес, шығын көлемі мынадай болмақ: 2013 жылы - 6 трлн 200,3 млрд теңге (2012 жылмен салыстырғанда 183,5 млрд теңге артық); 2014 жылы - 6 трлн 466 млрд теңге (2013 жылмен салыстырғанда 265,7 млрд теңге артық; 2015 жылы - 7 трлн 124 млрд теңге немесе 658 млрд теңге артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны