04.09.2007, 13:50 3495

Қазақстан Болгарияға шикізат емес сектордағы ынтымақтастықтар аясын кеңейтуді ұсынуда

Қазақстан Болгарияға шикізат емес сектордағы ынтымақтастықтар аясын кеңейтуді ұсынуда. Бұл туралы бүгін өткен "Қазақстан - Болгария: ынтымақтастықтың жаңа перспективалары" атты бизнес-форум барысында Қазақстанның индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан Болгарияға шикізат емес сектордағы ынтымақтастықтар аясын кеңейтуді ұсынуда. Бұл туралы бүгін өткен "Қазақстан - Болгария: ынтымақтастықтың жаңа перспективалары" атты бизнес-форум барысында Қазақстанның индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді.

"Біздің пайымдауымызша, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін ауқымды әлеуеті бар, келешегінен үміт күттіретін бағыттарға азық-түлік және электротехника өнеркәсібі мен туризм салалары жатады", -деп мәлімдеді Ғ. Оразбақов. "Еуропа мен Қытай арасындағы жүк ағынының бір бөлігін тарту арқылы транзиттік әлеуетті дамыту мүмкіндігіне біз айрықша маңыз береміз", - деді ол.

Министрдің пікірінше, "қойнауы бай ел екеніне және өзін қуатты энергетикалық держава ретінде паш етіп отырғанына қарамастан, Қазақстан өзінің тауар айналымының құрылымын әртараптандырудың перспективасынан қосылған құны жоғары өнімдерге басымдық беруі қажет".

"Экономикалық тұрғыда аяғынан тұру кезеңінен өткен Қазақстан қазір әлемдік нарықта өтімділікке ие болған және заманауи талаптарға сай келетін мақта және жүн жіп өнімдері, маталар, құбырлар, электротехникалық өнімдер, трансформаторлар, аккумуляторлар, электр кабельдер, доңғалақ, тұрмыстық электроника, минералды тыңайтқыштар секілді тауарларды сатуға дайын", - деді Ғ.Оразбақов. Сонымен бірге, оның айтуынша, "еліміздің компаниялары банк және құрылыс индустриясы секілді салаларда шетелдік нарықты табысты игере бастады".

2007 жылдың 6 айында Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы $16,369 млн, соның ішінде экспорт - $1,452 млн, импорт - $14,907 млн болды. 2006 жылы жалпы тауар айналымының көлемі $25,879 млн, соның ішінде экспорт - $0,885 млн, импорт - $24,994 млн құрады.

Қазақстанда құрылыс, дәрі және косметикалық өнімдер өндіретін Болгариямен бірлескен 82 кәсіпорын, фирмалардың алты өкілдігі тіркелген. Болгариялық құрылысшылар Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, тұрғын үйлер мен мұнай құбырларын салуға қатысуда. Болгарияда 11 бірлескен кәсіпорын, сондай-ақ, Қазақстанның 100 проценттік қатысуымен құрылған 8 кәсіпорын мен үш сауда өкілдігі тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны