22.12.2009, 16:19 3282

Қазақстан дағдарысты еңсеруге ұлттық қордан 14 млрд АҚШ долларын бөлді - мемлекет басшысы

Қазақстан дағдарысты еңсеруге ұлттық қордан 14 млрд АҚШ долларын бөлді - мемлекет басшысы

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан дағдарысты еңсеруге ұлттық қордан 14 млрд АҚШ долларын бөлді. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Биылғы жылы 170 жаңа өнеркәсіптік нысан қатарға қосылды. Бұл бағытта 3 млрд АҚШ долларынан астам қаржы игерілді.

"Жұмыс орындарын құруға негізделген "Жол картасы" бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, осы іс-шараға елеулі қаржы бөлінді, биылғы жылы бұл бағытта 400 мың жаңа жұмыс орындарын құрдық", деді Елбасы.

"Қазақстан дағдарысты еңсеруге ұлттық қордан 14 млрд АҚШ долларын бөлді. 16 млн халқы бар Қазақстан үшін бұл аз қаражат емес. Ол шағын және орта бизнесті қолдауға, үлескерлерге көмек көрсетуге, тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында игерілді",- деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны