08.06.2009, 10:58 1571

Қазақстан дағдарыстың өткір кезеңінен өтіп шықты - Мәсімов

Қазақстан дағдарыстың өткір кезеңінен өтіп шықты - Мәсімов

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан дағдарыстың күрделі кезеңінен өтіп шықты. Бұл туралы бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы жөніндегі кеңесте үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Тұтастай алғанда мен дағдарыстың өткір кезеңі еңсерілді деп айтар едім. Біз әзірге әлі де кері көрсеткіштерге ие болып отырмыз, дейтұрғанмен наурыздан бері оңды ағым байқала бастады", - деді Кәрім Мәсімов.

"Жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша біз оң көрсеткіштерге қарай аяқ басуымыз мүмкін екендігінің белгілері бар", - деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны