Система Orphus

Қазақстан даму банкі Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

17.09.2007, 18:14 2678

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Мемлекет пен жекеменшік сектордың әріптестігі аясындағы Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері" атты тәжірибелік конференция шеңберінде Қазақстан даму банкі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Биржа ақпаратына сәйкес "келісімде Шығыс Қазақстан облысы мен өңірді мемлекет пен жекеменшік сектордың әріптестігі аясында дамыту көзделген".

Құжатқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов пен Қазақстан даму банкінің директорлары кеңесінің төрағасы Асқар Сембин қол қойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны