11.11.2011, 11:33 3965

Қазақстан даму банкі соңғы 10 жылда 85 астам инвестициялық жобаны қаржыландырған

Қазақстан даму банкі ел экономикасына 10 млрд. доллардан астам қаржы тартқан.

Астана. 11-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан даму банкі соңғы 10 жылда 85 астам инвестициялық жобаны қаржыландырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан даму банкі ел экономикасына 10 млрд. доллардан астам қаржы тартқан.

Бұл туралы Қазақстан даму банкінің 10 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция барысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім еткен.

Оның атап өтуінше, еліміздің Даму банкі ШЫҰ елдерінің даму банктерінің банкаралық бірлестінде жетекші рөл атқарады. "Меніңше болашақта дағдарыс толқыны бола қалған жағдайда осындай қуатты қаржы институттары жетекші рөл атқаратын болады", - деді ол.

Жалпы Қ.Келімбетовтің алға тартқан деректеріне қарағанда, еліміздің бұл қаржы ұйымы 10 жылдың ішінде Қазақстан экономикасына 10 млрд. доллардан астам қаржы тартқан. "Яғни, біз Даму банкі бөлген 1 долларға қосымша 1-3 доллар қаржы тарттық", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны