22.09.2006, 17:51 2718

Қазақстан делегациясы Халықаралық валюта қоры мен Идемдік банктің Сингапурда өткен жыл сайынғы кездесуіне қатысты

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Респаублика үкімет басшысының орынбасары - еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Кәрім Мәсімов бастаған Қазақстан делегациясы Халықаралық валюта қоры мен Илемдік банктің Сингапурда өткен жыл сайынғы кездесуіне қатысты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Еліміз өкілдерінің құрамына қаржы министрі Наталья Коржова, Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденов, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ербол Орынбаев, Қаржылық бақылау агенттігінің төрағасы Арман Дунаев, Алматыдағы қаржылық орталықтың іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің төрағасы Еркін Арыстанов, "Қазына" тұрақты даму қорының жетекшісі Қайрат Келімбетов пен Қазақстан даму банкінің президенті Асқар Сембин енді.

Форум аясында қазақстандық өкілдер бірқатар екі жақты кездесулер мен келіссөздер жүргізді. К.Мәсімов Сингапур үкіметінің куратор-министрі Ли Куан Ю және "Темасек Холдингз" корпорациясының президенті Хо Чин, Илемдік банк президенті Пол Вулфовитц, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Халықаралық валюта қорынң бірінші жетекшілерімен келіссөздер жүргізді.

Сонымен бірге К.Мәсімов АҚШ мемлекеттік департаменті, Илемдік банк, Азия даму банкі, әлемнің өнеркәсібі жоғары дамыған елдері мен Орталық Азия елдерінің өкілдерінің қатысуымен "Орталық Азия елдерінің қарқынды экономикалық дамуына байланысты аймақтық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері" тақырыбындағы Қазақстан-АҚШ диалог сессиясына төрағалық жасады.

Сонымен бірге А.Сембин мен Корея даму банкінің төрағасы Чанг Лок Ким өзара т.сіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес тараптар өзара ынтымақтастық, өзара ақпарат алмасу және Қазақстан мен одан тысқары жерлерде бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы мәмілеге келді. Сонымен бірге Н.Коржова мен Сингапурдың білім министрі әрі екінші қаржы министрі Тарман Шанмугаратнам Қазақстан мен Сингапур үкіметтері арасындағы қосарлаған салықты болдырмау туралы келісімге қол қойды.

Сингапур форумында 11 мыңдай шетел өкілдері қатысып, 140 семинар ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны