24.10.2012, 16:59 3248

Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Бизнесті жүргізу 2013" рейтингінде 49-орында тұр - баспасөз баяны

Бұл туралы бүгін Алматыда жарияланған Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының "Бизнесті жүргізу 2013" рейтингі туралы бірлескен баяндамасында айтылды, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында бизнесті жүргізуді оңтайландыруда жоғары нәтижеге жеткен 10 елдің қатарына енді.

Бұл туралы бүгін Алматыда жарияланған Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының "Бизнесті жүргізу 2013" рейтингі туралы бірлескен баяндамасында айтылды, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

"Бизнесті жүргізу рейтингінде 183 ел қамтылды. Оны Дүниежүзілік банк 2004 жылдан бері жариялап келе жатыр. Онда қолайлы бизнес ахуалдың бәсекеге қабілеттілік, әртаптандыру мен жаңа жұмыс орындарын құрудағы маңызы атап көрсетіледі. Баяндама ең алдымен болашаққа көз жүгіртеді, мемлекеттер өздерінің бәсекеге қабілеттігін көтеруде не істеуі үшін", - дейді Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Сародж Кумар Джа. Оның айтуынша, ешқандай да реформалар саны компаниялардың әлеуетін аша алмайды. Егер ол қағаз жүзінде қалатын болса. Сондықтан жазылған заңдар мен кәсіпкерлік қызметті реттеу тәжірибесі арасындағы алшақтықты жоюға қоғам мен билік белсенді атсалысуы керек. Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдерінің үкіметтерімен олардың қолайлы кәсіпкерлік құру әрекеттеріне қолдау көрсетудегі ынтымақтастықты одан ары жалғастыруға ынталы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны