22.10.2015, 17:53 4989

Қазақстан ЕАЭО елдерінде роумингке тарифтерді төмендету арқылы 2 млрд астам теӊге үнемдей алады - Н.Алдабергенов

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішіндегі роумингке тарифтерді төмендету есебінен 2 млрд теӊгеден астам қаржы үнемдей алады, деп мәлімдеді бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов "ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы өнеркәсіп саласындағы бәсекелестікті адвокаттау" конференциясы барысында

Астана. 11 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішіндегі роумингке тарифтерді төмендету есебінен 2 млрд теӊгеден астам қаржы үнемдей алады, деп мәлімдеді бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов "ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы өнеркәсіп саласындағы бәсекелестікті адвокаттау" конференциясы барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасы 2,3-2,4 млрд теӊгеден астам қаржы үнемдей алады, және сәйкесінше ұсынылатын қызметтер сапасы жақсарады", - деді Н.Алдабергенов.

Оныӊ айтуынша, ЕЭК мобильді байланыс операторы ЕАЭО елдерінде тарифті төмендету ұсынылды. Келісімге сәйкес, қазан айыныӊ соӊына қарай арнайы жоспар ұсынылуы қажет еді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"Бірақ, бұл тарифтер болмайтын болса, сәйкесінше, комиссия ұлттық монополияға қарсы органдармен бірлескен зерттеуді бастайтын болады. Бұл мәселе өте өзекті, біздіӊ елдеріміздегі ірі мобильдік операторлардан бірқатар ұсыныстар келіп түсті", - деді ол.

Министр атап өткендей, бұл мәселе осы жылдыӊ 30 қарашасында Мәскеудегі отырыста қаралады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны