08.02.2008, 18:54 2868

Қазақстан "Эйрбас"-қа титан жіберу жөніндегі меморандумға қол қойды

Қазақстан "Эйрбас"-қа титан жіберу жөніндегі меморандумға қол қойды

Астана. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Француз және Қазақстан іскер топтарының қатысуымен бүгін Астанада өткен бизнес-форумда Қазақстан титанын "Эйрбас" және Францияның EADS компаниясының басқа да бөлімшелеріне жеткізу жөнінде меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Өскеменнің титан-магний комбинаты және EADS компаниясы, Обер&Дюваль және Ардор арасындағы түсіністік жөніндегі меморандумға Қазақстанның индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов пен Францияның сыртқы сауда және бизнес істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Эрве Новели қол қойды".

EADS компаниясының баспасөз хатында айтылғанындай, келісім шарт бойынша титан "Эйрбас" және EADS компаниясының басқа бөлімшелеріне жеткізіледі. Сауда-саттық жөніндегі келісім-шарттарының жалпы потенциалдық құны 1 млрд доллардан асуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны