24.04.2008, 18:19 3112

Қазақстан экономикасы дағдарыстың бірінші толқынын бастан кешті - Қарақұсова

Қазақстан экономикасы дағдарыстың бірінші толқынын бастан кешті - Қарақұсова

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан экономикасы дағдарыстың бірінші толқынын бастан кешті, экономиканың толқулары әлі үш -төрт жылға созылып өзгеретін болады, деп санайды мәжілістің экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова.

"Менің пікірімше біздің кейбір БАҚ құралдарында біздегі дағдарыс жүйесі өтті, бізде бәрі ойдағыдай деп айтылатын пікірлері орынды емес. Бұл - жалған", - деп мәлімдеді ол агенттік тілшісіне берген сұхбатында .

"Бұл дағдарыс толқын түрде өтуде және келесі дағдарыс легі болашақта болады. Үкімет дағдарыстың бірінші толқынына орай тиісті шараларды қолға алды, сондықтан біз оны толық сезінгеніміз жоқ ", - деп түсіндірді Г. Қарақұсова.

"Бүгінгі кезде келесі дағдарысқа төтеп беру үшін жүйелі түрде дайындық жасау керек", - деп атап өтті ол.

" Экономикада орын алған тұрақсыздық қаржы дағдарысында ғана емес, тіпті монетарлық факторларына да қатысты емес", -деп есептейді Г. Қарақұсова. Оның пікірінше, бұл жағдайда үкіметтің қолға алып отырған шараларының жүйелілігі аса маңызды болып отыр.

"Менің ойымша, экономиканың өзгеруі тағы да үш-төрт жылға созылуы ықтимал. Егер үкімет жолда бар тәуекелдерге дұрыс баға беріп, оған қарсы тұруға дайын болса, онда бұл экономика үшін қауіпті емес", -деп есептейді ол.

"Бұған байланысты ешқандай үрей пайда болмау керек, қыс суық болса да бәрібір қыс болады, ол ерте ме кеш пе аяқталып көктем келеді ", - деп қорытындылады депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны