12.06.2009, 14:18 2532

Қазақстан экономикасын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін шетелдік инвесторларға өздері тапқан пайданы қайта инвестициялауға мүмкіндіктер тудыру қажет - Назарбаев

Қазақстан экономикасын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін шетелдік инвесторларға өздері тапқан пайданы қайта инвестициялауға мүмкіндіктер тудыру қажет - Назарбаев

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан экономикасын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін шетелдік инвесторларға өздері тапқан пайданы қайта инвестициялауға мүмкіндіктер тудыру қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ел экономикасын қаржыландыруды қамтамасыз етудің маңызды бір бағыты - шетелдік инвесторларға өздері тапқан пайданы қайта инвестициялауға мүмкіндіктер тудыру қажет деп санаймын ", - деді Н. Назарбаев.

"Еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуал көптеген компанияларға тек өз инвестицияларының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларды Қазақстан экономикасының басқа да жанама салаларына инвестиция жұмсаудың тиімділігіне иландырды", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны