Система Orphus

Қазақстан экономикасында оңды өсім ағымдары байқалуда - Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

07.12.2009, 14:51 2647

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан экономикасында оңды өсім ағымдары байқалуда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бағалау индикаторы - 0,1% өсім - ол өзгеріссіз, және 11 айдың қорытындысы көрсеткендей, көзделген параметрлер атқарылады, ал жекелеген салалар бойынша асыра орындалатындығы байқалуда", - деді Б. Сұлтанов.

"Жалпы алғанда экономикада оңды ағымдар байқалуда, бұған дағдарысқа қарсы "Жол картасы" бағдарламасы әсерін тигізгенін атап өту керек", - деді министр.

Оның айтуынша, "өңдеу өнеркәсібіндегі, соның ішінде мұнай өнімдерінің өндірісі 3,5%, резеңке және пластмасса бұйымдардың өндірісі 10,5%-ға өсуінің есебінен көрсеткіштер жоспарланған параметрден жоғары болып қалыптасты".

Сондай-ақ, Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің айтуынша, қызмет көрсету саласында да жағдай жақсарды. "Бұған қоса бітік түсім алынуға байланысты ауылшаруашылығының параметрлері де болжамдағыдан жоғары болмақ", - деді Б. Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны