03.12.2015, 15:30 4312

Қазақстан экономикасыныӊ өсімі 2017 жылы 3,3%-ға жетуі мүмкін - Дүниежүзілік Банк

Дүниежүзілік банк сарапшыларыныӊ болжамынша, Қазақстанда ЖІӨ өсімі 2015-2016 жылдары шамамен 1%-ды құрап, ал 2017 жылы 3,3% дейін өсуі мүмкін

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік банк сарапшыларыныӊ болжамынша, Қазақстанда ЖІӨ өсімі 2015-2016 жылдары шамамен 1%-ды құрап, ал 2017 жылы 3,3% дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ базалық сценариімізге сәйкес мұнай бағасы 2016 жылы төмен деӊгейде қалып, 2017 жылы қайта қалпына келе бастайды. ЖІӨ өсімі 2015 және 2016 жылдары шамамен 1% деӊгейде төмен болып қалады, бірақ 2017 жылы 3,3 % дейін артуы мүмкін", - делінген Дүниежүзілік банк баяндамасында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, күрделі сыртқы орта Қазақстан дамуыныӊ орташа мерзімді перспективаларына одан әрі әсер етеді. Ұзақ мерзімді перспективада сарапшылар айтып өткендей "елдіӊ сыртқы қатерлерге тұрақтылығын арттыру үшін экономиканы әртараптандыру қажет".

"Пессимистік сценарийде базалық сценарийге қарағанда мұнай бағасы 2016 жылы төмендеуін жалғастырып, бұл Қазақстан бюджеті жағдайыныӊ және төлемдік балансыныӊ нашарлауына және ішкі сұраныс пен ЖІӨ өсімініӊ одан әрі төмендеуіне алып келеді", - делінген құжатта.

Осылайша, болжамдарға сәйкес, екі сценарийде де мұнайдыӊ ішкі өндірісі 2017 жылы Қашағанда мұнай өндірудіӊ арқасында арта бастайды деп күтіледі, соныӊ нәтижесінде ЖІӨ өсімі артып мемлекеттік бюджет пен ағамдағы шоттыӊ баланстары жақсаруы мүмкін.

"Сондай-ақ, экономиканыӊ алдында Қашағанда мұнай өндірісін бастаудыӊ кідірісі немесе Ресейдегі құлдыраудыӊ жалғасуы мен Қытайда өсімніӊ одан әрі төмендеуі мүмкіндіктерін қосқанда айтарлықтай төмендетілме қауіп-қатерлер бар", - делінген баяндамада.

Оған қоса, ДБ сарапшылары ұзақ мерзімді болашақта институционалдық реформалармен және әлеуетті дамыту, адами капиталды қалыптастыру мен инфрақұрылымға инвестиция тартуды жалғастыра отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымыныӊ (ДСҰ) келісімдерін толыққанды жүзеге асыруды қоса алғанда, ҚР Үкіметініӊ құрылымдық реформалар бойынша бағдарламасыныӊ табысты жүзеге асуы мұнайлы емес экономиканыӊ өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс.

Уақыт өте келе, бұл Қазақстан дамуыныӊ әлдеқайда тұрақты және әртараптандырылған үлгісіне негіз болады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны