30.09.2008, 13:36 2764

Қазақстан экономикасының өсімі ағымдағы жылдың 8 айында 105,2% құрады - премьер

Қазақстан экономикасының өсімі ағымдағы жылдың 8 айында 105,2% құрады - премьер

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан экономикасының өсімі ағымдағы жылдың 8 айында 105,2% құрады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкіметтің жоспарлағанындай, Қазақстан экономикасының өсімі ағымдағы жылдың 8 айында 105,2% құрады. Қазіргі жағдайда бұл оптималды өсім. Өйткені, біз басты мақсат етіп инфляцияны өзіміз белгілеген дәліз аясында тежеуді қойдық",- деді Кәрім Мәсімов.

"Ағымдағы жылдың тамыз айында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда инфляция деңгейі 7,5% болды. Бұл ТМД аясындағы ең төмен инфляция көрсеткіші", - деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны