17.01.2014, 19:53 6064

Қазақстан экономикасының ЖІӨ жыл сайын кемінде 4% артып отырады - Мемлекет басшысы

Президенттің айтуынша, Қазақстан ЖІӨ кісі басына шаққандағы 13 мың доллардан 4,5 есеге арттырып, 60 мың долларға жеткізуі керек. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан орта таптың үстемдік құрған мемлекетіне айналып, қалаларға шоғырлану қарқынды жүріп, қала халқы 55 пайыздан 70 пайызға дейін артады. "Қалалар мен елді-мекендер сапалы жолмен, жүрдек транспорттың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі", - деді Елбасы.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан экономикасының ЖІӨ жыл сайын кемінде 4% артып отырады, деп мәлімдеді бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында.

"Инвестиция көлемін ЖІӨ-нің бұрынғы 18 пайызына 30 пайызына дейін арттыру керек. Яғни, 2050 жылға дейін Қазақстан 4 пайыздық өсіммен өрлейтін болса, біз мақсатымызға жететін боламыз. Егер біз 5-6 пайызбен жылжитын болсақ, осы күн мен уақытқа 30 пайыз жақындаймыз", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, экономиканың жоғарғы технологиялық салаларын құру ғылымға ЖІӨ-нің кемінде 3 пайызын салуды талап етеді.

"Жалпы ішкі өнімнің энергопайдалануын 2 есеге дейін төмендету керек. 2050 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерлік Қазақстанның ЖІӨ-нің 50 пайызын өндіретін болады. Аталмыш көрсеткіш қазіргі таңда 20 пайызды құрайды. Еңбек өнімділігі қазіргі 24,5 мың доллардан 5 есеге өсіп, 126 мың долларды құрауы керек", - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Президенттің айтуынша, Қазақстан ЖІӨ кісі басына шаққандағы 13 мың доллардан 4,5 есеге арттырып, 60 мың долларға жеткізуі керек.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан орта таптың үстемдік құрған мемлекетіне айналып, қалаларға шоғырлану қарқынды жүріп, қала халқы 55 пайыздан 70 пайызға дейін артады.

"Қалалар мен елді-мекендер сапалы жолмен, жүрдек транспорттың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны