12.06.2012, 15:11 2999

Қазақстан экспортқа 11 млн тоннадан астам астық шығарды

Ағымдағы маркетинг жылында Қазақстан астыққа балама ұнды есепке алғанда 11 млн. тоннадан астам астық жөнелтті.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан экспортқа 11 млн тоннадан астам астық шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы маркетинг жылында Қазақстан астыққа балама ұнды есепке алғанда 11 млн. тоннадан астам астық жөнелтті.

Бұл туралы бүгін брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешенінің Мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов айтты.

"Бұл цифр жаман емес. Ай сайын шамамен 1 млн. тонна астық тиелуде, ал 1 қыркүйекке дейін мөлшермен 3 млн. тонна астық жөнелту жоспарлануда", - деді ол.

Толықтай алғанда, 11 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан бері шамамен 6,5 млн. тонна астық экспортқа жөнелтілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны