13.06.2008, 11:38 1357

Қазақстан экспортқа тыйым салынғанға дейін келісім-шарттарының төлемін жасаған елдерге астықты жөнелтеді

Қазақстан экспортқа тыйым салынғанға дейін келісім-шарттарының төлемін жасаған елдерге астықты жөнелтеді

Аcтана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан экспортқа тыйым салынғанға дейін келісім-шарттарының төлемін жасаған елдерге астықты жөнелтеді. Бұл туралы "Азия қоғамы" ұйымының "Қазақстан: Еуразия қиылысындағы сауда мен инвестициялау" атты II Халықаралық бизнес-конференциясында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ресми түрде мәлімдеймін: экспортқа тыйым салынғанға дейін келісім-шарттарының төлемін жасаған елдерге астықты жөнелтуге біз кепілдік береміз", - деді Кәрім Мәсімов.

Қазақстанда астықты экспорттауға салынған тыйым 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны