06.09.2012, 17:23 3441

Қазақстан Эстонияның транзиттік нарығына және жоғары технологиялар саласына қызығушылық танытуда

Қазақстан үшін Эстониямен транзиттік-көлік және жоғары технологиялар саласында ынтымақтасу қызығушылық тудыруда, деп хабарлады Қазақстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Сабыр Есімов қазақ-эстон бизнес-форумы барысында бизнес-форума.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Эстонияның транзиттік нарығына және жоғары технологиялар саласына қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан үшін Эстониямен транзиттік-көлік және жоғары технологиялар саласында ынтымақтасу қызығушылық тудыруда, деп хабарлады Қазақстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Сабыр Есімов қазақ-эстон бизнес-форумы барысында бизнес-форума.

"Қазақстан үшін Эстониямен транзиттік-көлік және жоғары технологиялар саласында ынтымақтасу айырықша қызығушылық тудыруда", - деді Сабыр Есімов.

Сонымен қатар, Эстония да қазақтандық жүктерді Балтық теңізіндегі өзінің теңіз порттары арқылы тасуға көмектесуге үлкен қызығушылық танытатындықтарын білдірді.

"Біздің экономикамыз үлкен инфрақұрылымдық және транзиттік әлеуетке ие. "Еуроодақтың қақпасы алдында" тұрған Эстония мен "Азия-Тынық мұхиты қақпасы алдында тұрған" Қазақстан осы артықшылықтары арқылы бір-біріне орасан зор пайда келтіре алады", - деп қосты ҚР СӨП басшысы.

Сонымен қатар, перспективалық бағыт ретінде Қазақстанда Эстонияның электрондық үкімет және дауыс беру, әлеуметтік маңызды электрондық қызметті, сондай-ақ инновациялық -технологиялық кластердің жұмысын енгізу бойынша ынтымақтасудың мүмкіндіктері қарастырылуда.

Бүгінде Қазақстанда эстон капиталының қатысуымен экспорттық-импорттық операциялар, делдалдық қызмет көрсету, жиһаз, азық-түлік өндіру, құрылыс және сәулет саласындағы 54 кәсіпорын жұмыс істейді.

2012 жылдың бірінші жартысында Қазақстанмен екі арадағы тауар айналымы 13,2 млн долларды (экспорт - 4,2 млн доллар, импорт - 9 млн доллар) құрады. 2001 жылдан бастап 2012 жылдың басына дейін Эстониядан Қазақстанға тікелей инвестицияның жалпы ағыны 45,7 млн долларды құрады, оның ішінде 2012 жылдың І тоқсанында - 28,9 млн доллар болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Эстонияның Премьер-Министрі Андрус Ансиптің Қазақстанға ресми сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің және екі елдің іскер адамдарының қатысуымен қазақ-эстон бизнес-форумы өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны