20.11.2012, 19:01 3252

Қазақстан EXPO аясында дамушы елдерге 62 млн еуро бөледі

Астана EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда Қазақстан үкіметі дамушы елдер үшін ұлттық күндерді ұйымдастыруға 62 млн еуро бөледі. Бұл туралы бүгін шетелдік журналистерге арналған баспасөз конференциясы барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, EXPO-2017 ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан EXPO аясында дамушы елдерге 62 млн еуро бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астана EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда Қазақстан үкіметі дамушы елдер үшін ұлттық күндерді ұйымдастыруға 62 млн еуро бөледі. Бұл туралы бүгін шетелдік журналистерге арналған баспасөз конференциясы барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, EXPO-2017 ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

"Льеж бен Астанада сараптамалық бағалау жүргізген арнайы халықаралық комиссия Льежге 6 млн, ал Астанаға 5 млн адам келетінін айтты. Мен бұл салыстыруға болатын сан деп ойлаймын. Льежге немесе Астанаға қанша адам келетіні емес, әлемдік процестерге ықпал ететін көрмедегі шаралардың қалай өтетіні маңызды", - деді Келімбетов.

"Астананың алға қойған мақсаты мыңдаған жылдарды қамтиды, ол "жасыл экономиканы", энергетиканы тұрақты әлемдік тұрғыда дамытуды көздейді. Бұл мақсатқа Қазақстан үкіметі 62 млн еуро бөлмек, бұл қаржы біздің көрмеге әлеуетті қатысушылардың, 70 дамушы елдің әрқайсына миллион еуродан сәл кем қаржыдан келеді", - деп түсіндірді ол.

Бүгін Парижде 2017 жылы EXPO халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына үміткер елдердің баспасөз мәслихаты өтуде.

Бельгиядан Льеж мэрі Вилли Демейер (WillyDemeyer) мен EXPO-2017 Льеж Бас директоры Жан-Кристоф Питеркен (Jean Peterkenne) қатысуда.

2012 жылдың 22 қарашасында 152-ші Бас Ассамблеяда ХКБ-ге мүше 161 мемлекет жасырын дауыс беру жолымен EXPO-2017 көрмесін өткізетін қаланы таңдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны