26.01.2009, 15:53 3276

Қазақстан фермерлерінің одағы кооперативтер одағы болып қайта құрылуы мүмкін

Қазақстан фермерлерінің одағы кооперативтер одағы болып қайта құрылуы мүмкін

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан фермерлерінің одағы кооперативтер одағы болып қайта құрылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін "Қазақстан фермерлерінің одағы" РҚБ төрағасы Арман Евниев бірлестіктің конференциясы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Конференцияда Қазақстан фермерлерінің одағын ауылдық тұтынушылар кооперативтерінің одағы болғызып қайта құру мәселесі талқылануда. Бұл біздің жұмысымызға үлкен көмек болар еді деп санаймыз ", - деді А. Евниев.

"Бірінші кезекте кооператив коммерциялық ұйым бола алмайды, оның басты мақсаты - өз мүшелеріне қызмет көрсету. Тиісінше, бұл қызметтер өзіндік құнына қарай қалыптасады. Шешімдер міндетті түрде алқалық сипатта қабылданады",- деді одақ төрағасы.

Оның айтуынша, "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ 140 кооперативке 7,7 млрд астам теңгенің қарызын берген.

Ол сондай-ақ корпорация жылдық 5% өсіммен 5 - 7 жылға дейін несие бере алатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны